Көршілер арасындағы қақтығыс жөндеу жұмыстарына байланысты болған деген болжам бар.
ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы Лисаковск қаласындағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам атыс шығарды. Екі адам жараланып, нәтижесінде біреуі ауруханада көз жұмды, деп жазады stan.kz.
Көршілер арасындағы қақтығыс жөндеу жұмыстарына байланысты болған деген болжам бар. Лисаков қаласының тұрғыны кіреберіске аңшылық мылтықпен шығып, ата бастады. Ер адам екі әйелді жаралады. Оны ұстау үшін жедел-тергеу тобы шақырылды.
"Күдікті оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне оқ атып, жасырынып қалды. Жедел-тергеу тобының тергеушісі жараланды. Полицейлер артынан қуғанда қайта оқ атты. Үй тұрғындарының қауіпсіздігі мен күдіктінің одан әрі заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін полиция қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды. Тиісінше күдіктіні жараланды. Осыдан кейін ер адам пәтеріне жасырынып, кейінірек сол жерден ұсталды. Үйдің кіреберісінен оқтан жараланған екі әйел табылды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел жәрдем шақырды", - деп хабарлады Қостанай облысының ПД өкілдері.
Күдікті ұсталған кезде жарақат алып, кейін реанимацияда көз жұмды. Сондай-ақ, жараланған әйелдердің бірі де көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Прокуратура қаруды қолданудың заңдылығын тексеретін болады.