Қостанай облысында ер адам мұғалімнің үйіне кіріп, ұрып-соғып, зорламақ болған

0
512

Жәбірленуші 50-ден асқан, сотталушы 22 жаста.


Қостанай облысында ер адам мұғалімнің үйіне кіріп, ұрып-соғып, зорламақ болған

ERNUR.KZ. Жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам мұғалімнің үйіне кіріп, ұрып-соғып, буындырып, зорламақ болған, деп жазады Stan.kz.

Жәбірленуші 50-ден асқан, сотталушы 22 жаста. Әйел аты-жөні мен шабуылдың қай аймақта болғанын әзірге құпия сақтауды сұрады.

Сотта мұғалім барлығын егжей-тегжейлі және эмоционалды түрде айтып берген.

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 149, 107, 120-баптары, 1-бөлімдері - тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықтағы ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша сотқа жіберілді. Соңғы бап бойынша жас жігіт кінәсін мойындамайды. Жәбірленуші ол қылмыскерге әрең қарсы тұрғанын айтады.

Сот процесі жалғасуда.