Қостанай облысында күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті

0
1 458

Жойқын желдің әсерінен М.Горький атындағы №1 орта мектеп ғимаратының шатыры жұлынып қалды.


Қостанай облысында күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті

фото:nat-geo.ru

ERNUR.KZ. Қатты жел Қостанай обылысы Қарабалық аудандық білім беру бөлімі ғимаратының шатырын ұшып әкетті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жойқын желдің әсерінен Қарабалық аудандық білім бөлімі мекемесі мен М.Горький атындағы №1 орта мектеп ғимаратының шатыры жұлынып қалды. Барлығы 200 шаршы метр аумақ бұлінген»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Табиғи апат білім беру мекемесінің жұмысына кері әсерін тигізген жоқ. Зардап шеккендер тіркелмеген.