Қостанай облысында мұғалімдердің 25 млн теңге зейнетақы төлемі аударылмаған

0
644

1 432 қызметкерге жарна аударылмаған.


Қостанай облысында мұғалімдердің 25 млн теңге зейнетақы төлемі аударылмаған

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалуына ықпал етті, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, биыл ауданның білім беру ұйымдарының 1 432 қызметкеріне жалпы сомасы 25 млн теңгеге міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері аударылмағандығы анықталды.
Аталған заңбұзушылық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша талдау жүргізу барысында анықталды.
"Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылды, кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылды, нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешек өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды", - делінген хабарламада.
Еңбек заңнамасының талаптарын бұзуды алдын-алу мақсатында, аудан прокуратурасымен еңбек ұжымдарының, аудан басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.