Қостанай облысында полицейлер бір жанұяны өрттен аман алып қалды

0
1 057

Полицейлер ата-анасы мен үш кәмелетке толмаған баласын қауіпсіз жерге алып шыққан.


Қостанай облысында полицейлер бір жанұяны өрттен аман алып қалды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында полицейлер бір отбасын өрттен аман алып қалды, - деп жазады Тengrinews.kz.

2019 жылы 25 мамырда шамамен түнгі 1:30-да полиция сержанты Диас Құсымбаев пен аға сержант Александр Ильяшов Сарыкөл ауылында патрульдеу кезінде жеке тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқанын көрген.

Бұл туралы дереу кезекші бөлімге хабар жеткізілген. Құқық қорғау органдары қызметкерлері көмекке асығып, жанып жатқан үйге кіріп кеткен. Өрт сөндірушілер қызметі келгенге дейін полицейлер ата-анасы мен үш кәмелетке толмаған баланы қауіпсіз жерге алып шыққан. Сондай-ақ, өртеніп жатқан үйден қызмбат заттарды да, құжаттарды және басқа да заттарды алып шыққан.



"Мен өртті көрген уақытта, тек адамдарды құтқару туралы ойладым. Мен бұл үйде үш бала барын білетінмін. Мұндай жағдайға тап боғлан уақытта автоматты түрде іске көшесің", - дейді Александр Ильяшов.

Қазіргі уақытта адамдардың денсаулығына еш қауіп жоқ, өрт алдын ала мәлімет бойынша - қысқа тұйықталудан шыққан.