Облыс орталығына әкелетін екі жол әлі де жабық, қозғалыс орталық көпір арқылы жүзеге асырылады.
ERNUR.KZ. Облыстың Қостанай, Қарасу аудандарында және Қостанай қаласында 161 жеке үй су астында қалып отыр, деп жазады sputnik.kz.
"Сондай-ақ, 9 жолда қозғалыс қалпына келтірілді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Су тасқыны кезінде барлығы 24 автожолда қозғалыс шектелді. Су тасқыны кезеңінде шамамен 795 068 мың м3 су сорылды. 86 754 мыңнан астам қап төселді. Инертті материалдардың 7 351 тоннасы қолданылды. 9 097 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 759 адам бар", - деп хабарлайды әкімдік.
Өңірде су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жұмыстары басталды. Біржолғы әлеуметтік төлемдер ұйымдастырылып, демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетіледі.
Қалалық, аудандық әкімдіктерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді қабылдау ұйымдастырылды. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді.