​Қостанай облысында сүт өнімдерінің экспорты 4 есеге өсті

0
952

Қазақстан бойынша ең ірі бордақылау алаңында мал басы келер жылы 20 мыңға жеткізілмек.


​Қостанай облысында сүт өнімдерінің экспорты 4 есеге өсті

ERNUR.KZ. Биылғы жылдың тоғыз айында Қазақстан мен Челябі облысының арасындағы тауар айналымы 1 миллиард 400 миллион тенгені құрады, деп жазады 24.kz.

Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, 6-7 процентке көп. Және жылдан жылға көрші елге өткізілетін тауарлардың арасында азық-түлік өнімдерінің үлесі артып келеді. Мысалы, Қостанай облысынан сүт өнімдерінің экспорты биыл 4 есеге өсті. Ет саудасы да қызып тұр. Бір ғана Қарабалық ауданындағы бордақылау алаңынан шет елдерге 1,5 мың тонна ет өткізу жоспарланған. Негізгі тұтынушы – Ресей мен Өзбекстан. Және олар мұнымен шектеліп қалмақ емес. Қазақстан бойынша ең ірі бордақылау алаңында мал басы келер жылы 20 мыңға жеткізілмек.

Нұрболат Құтқожаев, шаруашылық директоры:

– Еттей де, тірідей де сатып жатырмыз, Мысалы, Ресейді алатын болсақ, Орынборда орналасқан ет комбинатына тірідей алып шығарамыз. Одан басқа Екатеринбург, Санкт-Петербург қалаларына еттей шығарамыз. Өзбекстанға да тап солай.