Қостанай облысында туберкулезден көз жұмғандар саны артты

0
528

Құжатта көрсетілгендей, өңірде онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім төмендеген.


Қостанай облысында туберкулезден көз жұмғандар саны артты

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Қостанай облысында туберкулезден болатын өлім-жітім өскен, деп жазады ҚазАқпарат.

«Облыста туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 23,6-дан 21-ге дейін төмендеді. Ал, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,9-дан 1,4-ке дейін өсті. 15-49 жас тобындағы АИТВ-ның (адамның иммун тапшылығы вирусы) таралу көрсеткіші - 0,56. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 0,5 болған. Қатерлі ісікпен ауыру көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 149,4-тен 168,5-ке дейін өсті», - делінген облыс әкімдігінің сайтында жарияланған жартыжылдық есепте.

Құжатта көрсетілгендей, өңірде онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім төмендеген.

Атап айтқанда, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 38,5-тен 38-ге дейін қысқарған.