6 жастағы жеткіншек ересектердің қарауынсыз қалып, 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті.
ERNUR.KZ. Қостанайда 6 жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 7 тамызда сағат 02:36-да Қостанайда Урицкий көшесі бойында 5 қабатты тұрғын үйде болған.
"6 жастағы жеткіншек ересектердің қарауынсыз қалып, 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Қазіргі уақытта бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады депаратмент.