Қостанайда аю балаға шапты: демалыс базасының иесі 18,5 миллион теңге өтейді

0
867

Ауыр жарақат алған баланың оң аяғын кесіп тастауға тура келді.


Қостанайда аю балаға шапты: демалыс базасының иесі 18,5 миллион теңге өтейді

ERNUR.KZ. Қостанайда "Радуга" демалыс базасында аю балаға шапты. Сот база иесін кінәлі деп таныды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, база иесі 306-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.
"Костанайские новости" мәліметінше, былтыр 5 қыркүйекте база аймағындағы аю 5 жасар қызға шабуыл жасаған болатын. Ауыр жарақат алған баланың оң аяғын кесіп тастауға тура келді.
Жәбірленуші тарап моральдық зиянды өтеу ретінде 25 миллион теңге сұрады. Александр Панин материалдық шығынды толығымен төледі. Моральдық зиянның бір бөлігі де өтелді - 1,5 миллион теңге. Сот Панинді кінәлі деп таныды және оған 500 сағаттық қоғамдық жұмыстарды тағайындады, бірақ рақымшылық бойынша ол негізгі жазадан босатылды.
Зардап шеккендердің талап - арызын ішінара қанағаттандырды - аю иесі отбасына 18,5 миллион теңге төлейді. Бұл Қостанайдың аудандық соты қабылдаған шешім, облыстық сотта шешім өзгеріссіз қалды.