Қостанайда балабақша қызметкерлері бүлдіршіндерді аязда далаға шығарды

0
508

Қостанай қаласының білім бөлімі балабақша ұжымының нұсқауға сәйкес әрекет еткенін түсіндірді.


Қостанайда балабақша қызметкерлері бүлдіршіндерді аязда далаға шығарды

ERNUR.KZ. Қостанайда балалардың ата-аналары 30 градус аязда бүлдіршіндерді далаға шығарған балабақша қызметкерлеріне наразы болды, деп жазады sputnik.kz.

Қостанай қаласының білім бөлімі балабақша ұжымының нұсқауға сәйкес әрекет еткенін түсіндірді.
"Ең алдымен балалардың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан бірінші кезекте оқушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды. Содан кейін балалар кабинетінің қызметкерлері шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Қоңырау жалған болып шықты", - деп атап өтті департаментте.
Полиция Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша сотқа дейінгі тексеруді бастағанын хабарлады.