Қостанайда бес жасар қыз жоғалып кетті

0
4 571

Полицияға кішкентай қыздың жоғалғаны туралы анасы хабарлаған.


Қостанайда бес жасар қыз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар бала жоғалып кетті. 7 тамыз күні таңертең үйден шыққан кішкентай қыз әлі оралмады. Оның қайда екенін ешкім білмейді, деп жазады sputnik.kz.

"Костанайские новости" басылымы кішкентай қыз жоғалмастан бұрын екі әпкесінің қарауында болғанын жазды.
Әпкелерінің біреуі 13 жаста болса, екіншісі – 18 жаста.
Бар ақпаратқа сәйкес, қыздар таңертең оянғанда сіңлісінің үйде жоқ екенін анықтады.
Полицияға кішкентай қыздың жоғалғаны туралы анасы хабарлаған.
Полиция департаменті хабарлама келіп түскеннен кейін бірден іздестіру жұмыстарына кіріскенін жеткізді. Қостанай полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша іске кірісті.
Іздеуге еріктілер де қосылды. Баланың орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті шара қабылдануда.