Қостанайда досын атып өлтірген бұрынғы полицей 9 жылға сотталды

0
615

2021 жылдың 7 наурызынан 8 наурызға қараған түні Қостанайда бұрынғы полиция қызметкері Руслан Клышев пен тіс дәрігері Ермек Омаровтың арасында жанжал болған.


Қостанайда досын атып өлтірген бұрынғы полицей 9 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында бұрынғы полиция қызметкері Руслан Клышев кісі өлтіргені үшін тоғыз жылға сотталды. Ол өзінің досы Ермек Омаровты жанжал кезінде аңшы мылтығымен атып тастаған, деп жазады Stan.kz.

18 наурызда Қостанайдың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы полиция қызметкері Руслан Клышевқа қатысты үкім шығарды - ол 9 жыл қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтеп, сондай-ақ полиция майоры арнайы атағынан айырылады.

Бұдан бөлек судья Сағандықова марқұмның отбасына өтемақы мөлшері ретінде – 5 миллион теңге төлеуге шешкен. Алайда жәбірленуші тарап 100 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

2021 жылдың 7 наурызынан 8 наурызға қараған түні Қостанайда бұрынғы полиция қызметкері Руслан Клышев пен тіс дәрігері Ермек Омаровтың арасында жанжал болады. Жанжал үлкен дауға ұласып Руслан Клышев үйіне жақын жерде Ермек Омаровты аңшы мылтығымен атып тастаған. Омаров кеуде тұсына тиген оқтан сол жерде қайтыс болады.

Сотта Руслан Клышев кездейсоқ оқ атып қалғанын айтып ақталғанымен, судья атап өткендей, оның кінәсі туралы айғақ WhatsApp чатында жазылған, сонымен қатар куәгерлер, сарапшылар және заттай дәлелдер растаған.