Із-түссіз жоғалған қыз өлі табылды.
ERNUR.KZ. 20 жастағы Денисов ауданының тұрғыны Екатерина Пудвильдің денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 20 жастағы Денисов ауданының тұрғыны Екатерина Пудвиль 7 қараша күні түнде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, із-түссіз жоғалған қыз өлі табылды.