Бала ересектердің қарауынсыз қалған.
ERNUR.KZ. Қостанайда бір жасар бала 3-ші қабаттың терезесінен құлап, тірі қалды. Оқиға 25 сәуір күні кешке сағат 19:50-де болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға қаладағы Чехов көшесінде 5 қабатты тұрғын үйде болған. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге мініп, сыртқа құлап кеткен.
«Сәби қалалық балалар ауруханасының реанимациясына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер жабық бас миының жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды. Қостанай облысының ТЖД кезекті рет ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Москит торлары-баланы құлаудан құтқаратын қорғаныш емес», - делінген хабарламада.