Қостанайда тағы бір ірі қаржы пирамидасы анықталды

0
630

Сот күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.


Қостанайда тағы бір ірі қаржы пирамидасы анықталды

ERNUR.KZ. Қостанайда Antares Limited атты қаржы пирамидасы анықталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ұйымдастырушылар азаматтарға компанияға 100 АҚШ долларынан бастап қолма-қол ақша салған кезде инвестицияның 0,5-2% көлемінде күнделікті кепілдендірілген пайда түсіп отырады деп уәде берген. Қазіргі уақытта сотталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Сот күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

«Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады. Қаржы пирамидаларының негізгі мақсаты еш қиналмастан өз капиталын тез ұлғайту үшін сенгіш азаматтардың есебінен ақша табу екенін білу маңызды», - деп ескертеді агенттік өкілдері.