Клуб иелері де айыппұл төлеуі мүмкін.
фото: АО "Национальные информационные технологии
ERNUR.KZ. Полицейлер Қостанайдағы ойын орындарына жүргізген рейд барысында өзін ересек адам ретінде көрсетпек болған кәмелетке толмаған қызды анықтады, деп жазады sputnik.kz.
Жасөспірім туған күні өзгертілген электронды құжатты көрсеткен. Қызметкерлер ІІМ деректер базасы арқылы мәліметті қайта тексерген кезде қыз баланың шын мәнінде әлі 18 жасқа толмағаны белгілі болды. Ол мобильді қосымша арқылы туған жылын өзі түзеткенін мойындады.
Енді ол кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және ата-анасымен сөйлесуі керек. Клуб иелеріне 18 жасқа толмаған адамды клубқа кіргізгені үшін айыппұл салынуы мүмкін.
Еске салайық, жасөспірімдер түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін ата-аналарға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады.