​Қостанайда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз үш күннен соң табылды

0
1 312

Қыз серуендеу үшін үйден шығып кеткен.


​Қостанайда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз үш күннен соң табылды

ERNUR.KZ. 14 қазан күні 15 жастағы қыздың анасы полиция қызметкерлеріне қызының бір тәулік бойы байланысқа шықпағанын хабарлаған, деп жазады Baq.kz.

Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, арада үй күн өткеннен кейін із-түссіз жоғалған қыз табылды.

Анасының айтуынша, қызы серуендеу үшін үйден шығып кеткен және қай бағытқа кеткені белгісіз. Оның қызы бұған дейін де үйінен бірнеше мәрте кетіп қалған екен.

Полиция қызметкерлерінің іздеу шаралары нәтижесінде 15 жастағы қыз бала 16 қазан күні сағат 23:00-де танысының пәтерінен табылған.