Облыстық ТЖД қызметкерлері 37 жастағы ер адамның мүрдесін судан алып шықты.
ERNUR.KZ. 37 жастағы ер адамның денесі Қарасу өзенінің шомылуға рұқсат етілмеген жерінен шығарылды, деп жазады ktk.kz.
7 мамырда Амангелді ауданында өзеннен 37 жастағы ер адамның денесі табылды. «Жаңатұрмыс ауылынан 3 шақырым жерде жатқан Қарасу өзенінің шомылуға рұқсат етілмеген жерінен малшының денесі жағаға шығарылды. Ол 6 мамыр күні жылқыларын іздеуге шыққан. Сол күйі хабарсыз кеткен», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер. Кісі өлімінің себептері анықталып жатыр.