Қостанайда зауыт өртенді

0
1 080

​Қостанайдағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «Агротехмаш» ЖШС ғимараты өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қостанайда зауыт өртенді

фото: inform.kz

Қостанайдағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «Агротехмаш» ЖШС ғимараты өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға бүгін сағат 07:30-дер шамасында болған. «Гагарин көшесіндегі «Агротехмаш» ЖШС ғимаратынан өрт шықты. Қоймадағы ағаш қабырғалар, жылытқыш материалдар, төбе жабынғысы жанып кеткен. Қойма басшысы бөлмесіндегі жиҺаздар, компьютерлер мен құжаттар да өртенді. Оқиға орнына жеке құрамның 11 қызметкері жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина. Ведомство мәлім еткеніндей, өрттің себептері анықталған жоқ. Жалын 10 метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 08:09-да толығымен сөндірілді.