Ковидтен жазылып шыққандарға шипажайға жолдама беріледі

0
562

Стационарда ем алған науқастың жағдайын реабилитолог бақылайды.


Ковидтен жазылып шыққандарға шипажайға жолдама беріледі

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Елімізде коронавирустан емделіп шыққан азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы шипажайға жолдама ала алады, деп жазады 24.kz.

Стационарда ем алған науқастың жағдайын реабилитолог бақылайды. Індеттің ауыр түріне шалдыққандар жеке және мемлекет меншігіндегі шипажай қызметін пайдалануға құқылы. Бұл нысандар мемлекеттік тапсырыс алу үшін конкурсқа қатысады.

Науқастар өз емханасында сараптамадан өтіп, дәрігер жолдамасын алуы керек. Шипажайға ПТР сынамасының нәтижесі сұралады. Ал мұндағы оңалту мерзімі екі аптаға жалғасады.