ҚР Бас прокуратура бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтарды құрықтады

0
1 246

Бопсалаған адамдардың бәрі жасаған істері үшін кінәсін мойындады, өздерінің әрекеттерін олар тез баю ниеті болғанымен түсіндіреді.


ҚР Бас прокуратура бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтарды құрықтады

Жыл басынан бері ҚР Бас прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтық жасаған бірнеше қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған адамдар Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі тартқан "Bank RBK" және "Казкоммерцбанк" АҚ-да ұрлық туралы қылмыстық істер бойынша куәгерлер мен күдіктілерден оларды қылмыстық жауаптылықтан босату үшін ақша қаражатын алдау жолымен бопсалаған.

16 ақпанда 315 мың АҚШ долларын алғаны үшін Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Әлімбетов пен азаматша Аманғалиева ұсталды.

Бұған дейін, а.ж. қаңтарда талап еткен 1 млн.-ның ішіндегі 500 мың АҚШ долларын алған сәтінде Алматы қаласының МКД-нің ЭТТҚ-нің қызметкері Искаков пен жұмыссыз Сүлейменов қамаққа алынған.

Жоғарыда аталған адамдардың бәрі жасаған істері үшін кінәсін мойындады, өздерінің әрекеттерін олар тез баю ниеті болғанымен түсіндіреді.

Егер Сізден прокуратура органдары тергейтін істер бойынша ақша қаражатын талап ететін болса, онда Сіз Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментіне келесі телефондар бойынша хабарласа аласыз: 8(7172)71-22-55, +7-701-770-88-99, жария болмайтынына кепілдік беріледі.

Дереккөз: ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі