​ҚР Білім және ғылым министрлігі жатақханаға мұқтаж өңірлерді атады

0
1 211

Сондай-ақ, вице-министр жергілікті атқарушы органдармен жатақхана салуға арналған жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізілгенін айтып кетті.


​ҚР Білім және ғылым министрлігі жатақханаға мұқтаж өңірлерді атады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту туралы айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Біз жоғары оқу орындарымен, колледждермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жатақханалардағы қажетті орындарды анықтадық. Бүгінгі күні өңірлік шекте алып қарайтын болсақ, Алматыға 23 мың, Астанаға 17 мың және Оңтүстік Қазақстан облысына 11 мың жатақхана орны қажет", - деді ол.

Сондай-ақ, вице-министр жергілікті атқарушы органдармен жатақхана салуға арналған жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізілгенін айтып кетті.

"Қазіргі уақытта әкімдіктер оқу орнының жанында орналасқан және білім беру ұйымдарына тақау аймақтан шамамен 134 жер учаскесін бөлді. Оған қоса, жатақхана салу тетіктері әзірленген. Біз соны ұстанамыз. Ол барынша қарапайым әрі түсінікті. Сосын жатақхананың жобасы әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы мен банк арасында келісімшарт жасалады. Одан кейін жоғары оқу орны немесе құрылысшы компания банктен займ алады. Содан кейін жатақхана пайдалануға берілген соң ол мемлекет тарапынан өтемақы төлемін алатын болады", - деп нақтылап өтті Б. Асылова.

Оның айтуынша, өтемақы төлеудің мерзімі шамамен 8 жылды құрайды.

"8 жыл бойы мемлекет оған бір төсек орынға кеткен барлық инвестициялық шығындарын өтейді. Біз бұл тетікті есептеп шығып, Қаржы министрлігімен бірге бекіттік. Жоғары оқу орындарымен де талқыладық. Жатақхана құрылысы жобаларын дамытуды жеңілдету үшін Құрылыс комитеті бізге үш стандартты жобаны бөлді. Олар бүгінгі күні бекітілген және қол жетімді", - деді ол.

Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, үкімет қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы» бойынша жатақханаларды салу арқылы мемлекеттік органдарға мүдделі банктерге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуді қалайды.