​ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауы өзгерді

0
1 802

Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін қайта атау туралы қаулы етті.


​ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауы өзгерді

Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін қайта атау туралы қаулы етті, деп мәлімдейді Ақорданың баспасөз қызметі. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес Жарлық шығарды.

1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып аталсын.

2. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;

осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 22.02.1999 ж. № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта: «ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «ҚР Қоғамдық даму министрлігі;».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінген хабарламада.