ҚР Энергетика вице-министрі екі айға қамалды

0
1 361

ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков екі айға қамалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Энергетика вице-министрі екі айға қамалды

фото: inform.kz

ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков екі айға қамалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2 наурыз күні Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты күдіктілер - Ғани Сәдібеков пен Серікбай Жұмалиновке қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде шешім шығарды», - дейді қалалық соттың ресми өкілі Ботагөз Баянова. Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, 3 наурызда сот Бекзат Қадырберлин және Жан Нұрбековтерге қатысты да екі ай мерзімге қамауда ұстау шарасын қолдануға шешім шығарған. Еске сала кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Энергетика министрлігі лауазымды тұлғаларының қылмыстық қызметінің жолы кесілгенін мәлімдеген. Энергетика вице-министрі Ғ. Сәдібековке «Аймақ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д. Дуанбекпен сөз байласып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген ерекше ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж. Нұрбеков және мердігер ұйымның өкілдері С. Жұмалинов және Б. Қадырберлин де қатысқан. Ғ. Сәдібеков, Ж. Нұрбеков, Д. Дуанбек, С. Жұмалинов және Б. Қадырберлиндер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.