"ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығына пойыздарды жасақтау кезінде жолаушыларды қайтару кестесін ескеру және оларға барынша көмек көрсету тапсырылды.
Жаңа жылдық демалысқа БАӘ, Шри-Ланка, Таиланд, Мальдив және Гоаға кеткен туристерді елге жеткізу жұмыстары мүмкіндігінше жеделдетіліп, елорда әуежайы арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, әуе компанияларының, әуежайлардың, "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының басшылығымен өткен кеңейтілген кеңесте шет елдерге демалысқа кетіп, әуежайлар жұмысының тұрақсыздығына байланысты елге оралуы қиындаған қазақстандықтарды эвакуациялау кестесін тез арада әзірлеуді тапсырды.
Кеңесте рейстерді ұйымдастыруға тартылған барлық қатысушылардың өзара іс-қимылының егжей-тегжейі пысықталды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығына пойыздарды жасақтау кезінде жолаушыларды қайтару кестесін ескеру және оларға барынша көмек көрсету тапсырылды.