​ҚР ІІМ WhatsApp арқылы таралған видеоға орай пікір білдірді

0
1 322

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев WhatsApp арқылы таралған бейнематериалға орай пікір білдірді


​ҚР ІІМ WhatsApp арқылы таралған видеоға орай пікір білдірді

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев WhatsApp арқылы таралған бейнематериалға орай пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«WhatsApp-та таралған бейнематериалдағы құқық бұзушы полиция қызметкерін соққыға жыққан оқиға осы жылдың қаңтар айында Алматы қаласында болған. Ішімдік ішіп, қоғамдық орынға мас күйде келген құқық бұзушы медициналық куәландырудан өту үшін наркология орталығына жеткізіліп, сол жерде ол полиция қызметкерлеріне жұдырық ала жүгіріп, оларды балағаттап, абыройларына нұқсан келтірген», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, аталған факті бойынша Медеу аудандық ІІБ ҚР ҚК 378 бабы 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Алайда ол қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына орай деген желеумен негізсіз тоқтатылған.

«Қазіргі уақытта Алматы полиция департаменті Медеу аудандық сотына қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жою және оны одан ары ҚК 380 бабы бойынша тергеу туралы қолдаухат енгізді. Қылмыстық істі негізсіз тоқтату фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылатын болады», - деді Алмас Садубаев.