Ерұлан Жамаубаев бұған дейін ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.