ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

0
814

ҚР ОСК мүшелері барлық 10 байқаушыны аккредиттеу туралы қаулыға бірауыздан қолдап дауыс берді.


ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

ERNUR.KZ. ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауына 10 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, «ҚР-дағы Сайлау туралы» Конституциялық заңның 20-2-бабына сәйкес шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша жүзеге асырады.

«2020 жылғы 20 қарашада Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы ТМД Парламентаралық ассамблеясынан 29 байқаушыны аккредиттеді. 2020 жылғы 25 және 26 қарашада Сыртқы істер министрлігінің 10 байқаушыны аккредиттеу туралы ұсыныстары келіп түсті. Олардың барлығы аккредиттеуге шығарылып отыр. Ұсынылған тізімде 6 байқаушы ТМД байқаушылары миссиясының құрамында, 4 байқаушы Ислам Ынтымақтастық Ұйымы миссиясынан аккредиттеледі», - деді А.Щегорцова.

Сонымен қатар ол аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар бойынша деректер жаңартылатынын айтты.

Осыдан кейін ҚР ОСК мүшелері барлық 10 байқаушыны аккредиттеу туралы қаулыға бірауыздан қолдап дауыс берді.