ҚР Премьер-министрі 3 облысты дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

0
1 314

Әкімдер өздерінің сөздерінде экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шараларға баса назар аударды.


ҚР Премьер-министрі 3 облысты дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев СҚО, Қостанай және Павлодар облыстарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткізілген кеңес барысында Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің жобалық басқару бағыттары тұрғысынан іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізу бойынша 2018 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарлары және бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың алдын-ала қорытындылары талқыланды.

Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Б.Бақауов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақалов өңірлердің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, көлік және логистиканы, АӨК, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, туризмді, сауданы, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ, базалық индустрияландыруды жүргізу, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту мәселелері жөнінде баяндады.

Әкімдер өздерінің сөздерінде экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шараларға баса назар аударды.