Бұған дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметін Әсет Исекешев атқарған болатын.
Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елбасы сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметін Әсет Исекешев атқарған болатын.
2020 жылдың 16 қаңтарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.