Қазіргі уақытта 14 әйел бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.
ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни экстремизм мен терроризм қылмысына байланысты түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдер туралы «Құрсаудағы гүлдер» деректі фильмін түсірді, деп жазады ҚазАқпарат.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, деректі фильмнің басты кейіпкерлері ДАИШ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстанда және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) ықпалына қалай түсіп қалғанын баяндайды.
Сонымен қатар, фильмде психологтардың, теологтар мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің, басқа да саладағы мамандардың пікірі келтіріледі.
Қазіргі уақытта аталмыш баппен 14 әйел бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Олардың қылмысының мотивтері әртүрлі.