Қуаңшылықтан зардап шеккендер несиесін кейін төлей алады

0
656

Қолайсыз климаттық жағдайлар (малдың қырылуы, құрғақшылық, азық базасымен қамтамасыз етілу проблемалары) салдарынан зардап шеккен агроөнеркісіп кешенінің субъектілерін қолдау жұмыстары қолға алынып жатыр.


Қуаңшылықтан зардап шеккендер несиесін кейін төлей алады

ERNUR.KZ. Қуаңшылықтан зардап шеккен малшыларға несиені кейін төлеу мүмкіндігі беріліп жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Қолайсыз климаттық жағдайлар (малдың қырылуы, құрғақшылық, азық базасымен қамтамасыз етілу проблемалары) салдарынан зардап шеккен агроөнеркісіп кешенінің субъектілерін қолдау жұмыстары қолға алынып жатыр. Оның шеңберінде АӨК саласындағы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниялары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мәселелерін қаралуда», - деді депуаттық сауалға жауап берген үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр.

Төлемдерді кейінге қалдыру мәселелерін қарау клиент мынадай құжаттар топтамасын ұсынған кезде жүзеге асырылады:

- қарызды ұзарту/қайта құрылымдау туралы өтінішхат;

- уәкілетті мемлекеттік органдардың форс-мажорлық мән-жайлардың туындауын растайтын жазбаша актілері не өзге де құжаттары (ауылдық округ әкімдігінің, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының анықтамасы және т.б.).

«Қарыз алушыға кредиттік жүктеменің ұлғаюын болдырмау және берешекті өтеу графигін дұрыс құру, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша субсидияларды сақтау қажеттілігі мақсатында барлық өтініштер жеке тәртіппен қарастырылатынын атап өту қажет. Растайтын құжаттарды талап етпей, міндеттемелерді қайта құрылымдауды,ұзартуды берудің ұсынылып отырған тетігі мүмкін емес, өйткені қарыз алушының міндеттемелерді қайта құрылымдауды,ұзартуды жосықсыз алу тәуекелдер туындайды және АӨК саласындағы холдингтің еншілес компанияларының ішкі нормативтік құжаттарына қайшы келеді», - делінген жауапта.