​Күйеуін ұрған әйел 35 мың теңге айыппұл төлейтін болды

0
1 795

Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуімен қайта татуласқысы келмейді.


​Күйеуін ұрған әйел 35 мың теңге айыппұл төлейтін болды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қостанайлық әйел отбасылық кикілжіңнен соң күйеуін ұрып тастап, денсаулығына зиян келтірген, деп жазады alau.kz.

Сотта Қостанай облысы, Затобольск елді мекенінің тұрғыны ісі қаралды. Сот отырысныда әйел өзі соққыға жыққан күйеуімен ажырасып кеткендігін айтты. Олардың ортақ екі жасар баласы бар. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ.

Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуімен қайта татуласқысы келмейді.

«Жәбірленуші сотқа бұрынғы әйелімен арадағы ұрыс-керіс бала үшін болатынын айтты. Оның айтуынша, әйел алиментті аз төлейді деп баланың әкесін кінәлайтын көрінеді. Сондықтан да баланы көрсетпей қойған. 27 мамыр күні арада дау туындаған», - деп мәлімдеді облыстық сот.

Екі жақты және адвокатты тыңдап, келтірілген материалдарды мен айғақтық заттарды зерттеу және соң прокурордың қорытындысын тыңдаған сот барлық мән-жайды ескерді.

Қостанай аудандық сотының шешімі бойынша, әйел әкімшілік жауапқа тартылып, оған 15 АЕК көлемінде (35035 теңге) айыппұл салынды.