"Құлаған қызды аттап өтіп жатыр": Талғар мектебіндегі дүрбелең видеоға түсірілді

0
496

Куәгерлердің айтуынша, қыз дүрбелеңде есінен танып қалған.


ERNUR.KZ. Талғарда жуырда ғана жөндеуден өткен №3 мектептегі оқушылар дүрбелеңі видеоға түсірілді, деп жазады tengrinews.kz.

Кадрлардан сырткиімді ілетін бөлмеден шыққан мектеп оқушылары еденге құлаған оқушыны өтап өтіп жатқаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, қыз дүрбелеңде есінен танып қалған. Оқиға видеоға түсірілді.

"Мектепте жөндеу жұмыстары енді бітті, бірақ дүрбелең! Баланы басатын болды ғой, мектеп әкімшілігі қайда қарап отыр? Бұл балалар ғой. Қыз гардеробта құлап қалды, оны таптап кете жаздады, қарайтын күзетші де, мұғалім де жоқ. Бұны кім қадағалайды", - дейді ата-ана видеода.



"Бұл оқиғадан кейін мектеп оқушылары сырткиімін сыныпқа апаратын болған. Өйткені штатта сырткиімді ілетін қызметкер жоқ", - деп жазылған жазбада.

Кейін мектеп директоры осы жағдайға байланысты сөгіс алған. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.

"Оқиға кезінде кезекші мұғалім шығаберісте тұрған 6-сынып оқушысы қысылып, құлап қалған. Сыныптастары мен кезекші мұғалім оған тұруға көмектесті, оқушы есінен танған жоқ", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қыздың жағдайы жақсы екені, оның денсаулығы мен өміріне қауіп жоқ екені хабарланды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабы 2-тармағына сәйкес мектеп директоры Ж.Құмарова тәрбие жұмысындағы олқылықтар үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылғаны айтылды. Сондай-ақ, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде тапсырма берілген.