Құлсарыдағы су басқан аумақты тазарту мамырға дейін аяқталады

0
328

Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстары қолға алынған.


Құлсарыдағы су басқан аумақты тазарту мамырға дейін аяқталады

ERNUR.KZ. Атырау облысының Құлсары қаласындағы су басқан аумақты тазартуды мамырға дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп жазады inform.kz.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәліметіне сүйенсек, Жем өзені арнасынан асып, Құлсары қаласындағы 2 920 үй су астында қалған.

«Қазір 1,2 млн текше метрден астам су сорылды. Соның нәтижесінде 1 345 тұрғын үй, 55 әлеуметтік нысан судан тазартылып, тұрғындар үйіне оралып жатыр. Тасқын су басқан аумақтарды толық тазарту жұмыстарын мамырға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр», - дейді Серік Шәпкенов.

Әкімнің айтуынша, Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстары қолға алынған. Зардап шеккен тұрғындарға уақытша пәтер жалдау жалдау үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 369 мың 200 теңге бір реттік төлем, басқа да қажеттілігі үшін көмек көрсетіліп жатыр.

«Жылыой ауданының тұрғындардан 3 398 өтініш түсіп, 3 271 тұрғынға жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге төленді. Тасқын судан келген залалды анықтау мақсатында әкімдік жанынан комиссия құрылып, 2 272 тұрғынның өтініші қабылданды. Арнайы мекемелер су басқан нысандарда техникалық зерделеу және бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғындар өтініші өзімінің жіті бақылауымда болады», - деді Серік Шәпкенов.