Күнтізбеге "Ұлы көш" датасы енгізілетін болды

0
977

Ұлы көш" 1991 жылы басталған. 1,5 млн-нан астам қазақ тарихи отанына оралған.


Күнтізбеге

ERNUR.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы көштің басталуына жол ашқан датаны атаулы күндер күнтізбесіне қосу мәселесін қарастыруды тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, 1,5 млн-нан астам қазақ тарихи отанына оралған.

"Бүгінде олар егемен елімізді өркендетуге өз үлесін қосуда. Солардың ішінде Ауыт Мұқибек және тағы басқа қоғам қайраткерлері Ұлы көштің тарихи рөлін ескеріп, арнайы күн белгілеу қажеттігін айтып жүр. Үкіметке осы тарихи датаны атаулы күндер күнтізбесіне қосу мәселесін жан-жақты қарастырып, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырамын", - деді ҚР Президенті.

Ол "Ұлы көш" 1991 жылы басталғанын, оған Қазақ КСР Министрлер кабинеті қабылдаған №711 қаулы ресми түрде жол ашқанын айтады. Аталмыш құжат 1991 жылғы 18 қарашада қабылданған.

Айта кетейік, Қазақстанда Қытайдағы туыстарын қайтарып беруді сұрайтындар көп. Себебі ондағы туыстары қысым көріп жатқанын айтады. Қытай тарапы ешқандай қысым жоқ екенін мәлімдеген. Десе де халықаралық ұйымдар ондағы мұсылман халықтарға "геноцид" жасалып жатыр деп таныған. Сонымен қатар елге Қытайдан қашып келіп, босқын мәртебесін алған азаматтар да бар екенін айта кетейік.