Қала тұрғындарының пікірінше, шырша бағасы тым қымбат.
ERNUR.KZ. Семей тұрғындарын қалада орнатылған жергілікті әкімдік сатып алған екі жаңа шыршаның құны алаңдатты. Әлеуметтік желіде шыршаның бағасы жарияланған. Желі қолданушылар екі жаңа жылдық шырша құны бюджетке 23 миллион теңгеге шыққанын айтты, деп жазады Stan.kz
Шыршалардың құны анықталған соң семейліктер ағаштардың ұсқынына назар аударып, тауарл мен бағаның сәйкес келмейтінін аңғарған. Қала тұрғындарының пікірінше, шырша бағасы тым қымбат.
Қалалық ТКШ бөлімінде айтылған сынға қатысты жауап берілді. Ведомство қаланың жаңа жылдық безендіру аясында екі шырша сатып алғанын түсіндірді.
"Орал шыршасы "деп аталатын жасанды ағаштар Мәскеуде сатып алынды. Олардың бірі биіктігі 19 метр, екіншісі 18 метр.
Сондай-ақ, ТКШ бөлімінде сатып алу құнына тек шыршалар ғана емес, сонымен қатар бірқатар ілеспе шығындар, соның ішінде әшекейлер де кіретініне назар аударылды.
"Бұл шыршалар мынадай бөліктерден тұрады: орталық алаңдағы ұзындығы 200 сантиметр "Жұлдыз" тәжі; 10 метрден 200 дана жарықдиодты гирляндалар, "Жұлдыз" ойыншығы - 47 сантиметрден, 25 дана, "Жұлдыз" ойыншығы 36 сантиметр, 220 дана, 245 жұлдыз тәрізді қоректендіру адаптері”, – деп хабарлады ТКШ бөлімінде.
Сонымен қатар, бөлінген қаражатқа Мәскеуден көлік шығындары, сондай-ақ құрастыру шығындары мен салық кіретінін атап өтті.