Қазақстанның дәрі-дәрмек мемлекеттік реестрінде дене қызуын түсіретін парацетамол халықаралық патенттелмеген атауымен 86 дәрі тіркелген.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында тіркелген, құрамында парацетамолы бар, дене қызуын түсіретін, вирусқа және бактерияға қарсы дәрі-дәрмектің тізімін ұсынды, деп хабарлйды ERNUR.KZ.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, әр дәрі-дәрмектің бірнеше атауы болады. Оның ішінде халықаралық патенттелмеген атауы, химиялық және коммерциялық атаулары бар. Халықаралық атауын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекітсе, химиялық атауы күрделі, айтуға ауыр. болады.
Ал енді сатылымға шыққан кезде фармкомпаниялар дәрінің атауын өз қалауынша қоя береді.
Қазақстанның дәрі-дәрмек мемлекеттік реестрінде дене қызуын түсіретін парацетамол халықаралық патенттелмеген атауымен 86 дәрі тіркелген. Оның ішінде отандық препарат та, шетелде өндірілгені де аз емес.
Сонымен қатар, антибактериялық - 108, вирусқа қарсы - 29 түрлі дәрі бар. Оның тізімі төменде келтірілген.