Құрбан айт: Елімізде 17 маусым – жұмыс күні

0
652

Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.


Құрбан айт: Елімізде 17 маусым – жұмыс күні

ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мейрамына қатысты түсінік берді, деп жазады inform.kz.

«Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні», - делінген хабарламада.

Діни басқарманың ақпаратына сүйенсек, ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады. Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады.

«2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді», - дейді басқармадан.

Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді.

«Құрбан айттың бірінші күні мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтіледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 16 маусым (жексенбі) деп жариялады, яғни бұл – демалыс күні. Сондықтан құрбан айт мерекесі басқа күнге ауыстырылмайды», - дейді министрліктен.