Құрбан айт намазы "қызыл" аймақтарда қалай оқылады - ҚМДБ мәлімдеме жасады

0
594

Құрбан айт намазы 20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 07.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып оқылады.


Құрбан айт намазы

Фото: sputnik.kz

ERNUR.KZ. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биылғы айт намазы қалай оқылатынын да атап өтті, деп жазады ҚМДБ баспасөз қызметі.

«20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 07.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады. Дегенмен «қызыл» аймақта Құрбан айт намазы жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің қаулысына сәйкес оқылады» деді ҚМДБ Төрағасы.
Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт намазын өткізу бойынша ҚМДБ-ның аймақтардағы өкіл имамдары жергілікті бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифингтер өткізетінін атап өтті.