Құрбан айт: онлайн құрбандық шалғысы келетіндер тым аз болып шықты

0
1 429

​Қазіргі таңда Қазақстан бойынша құрбандық малына небәрі 406 тапсырыс берілген, ал мұқтаж отбасылардан құрбандық етіне 11 мыңға жуық өтінім түсіп отыр.


Құрбан айт: онлайн құрбандық шалғысы келетіндер тым аз болып шықты

ERNUR.KZ. Онлайн құрбандық шалуға арналған Qurban2020.kz сайтында мұқтаж отбасылардан құрбандық етіне өтініш қабылдау уақытша тоқтатылды. Оған құрбандық шалушылардың тым аздығы себеп болып отыр, деп жазады sputniknews.kz.

Үш күнге жалғасатын Құрбан айт мейрамы биыл 31 шілдеге түсіп тұр. Карантинге байланысты мүфтият Qurban2020.kz сайтын іске қосып, азаматтарға онлайн құрбандық шалу мүмкіндігін ұсынды.

Qurban2020.kz сайты құрбандық шалушылардың тапсырысы мен мұқтаж отбасылардың өтінішін 30 шілдеге дейін қабылдайды. Бірақ, құрбандық шалушылардың аздығына байланысты мұқтаж отбасылардан құрбандық етіне өтініш қабылдау уақытша тоқтатылды.

"Барлық өңір бойынша мұқтаж отбасылардан өтінім қабылдау тоқтатылды. Құрбандық малына тапсырыс берушілер неге аз екенін өзіміз де білмейміз. Қазір имамдар түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Құрбандыққа шалынатын малдың қорын сәл көбейтіп алған соң, мұқтаж азаматтардан өтінім қабылдау қайта жалғасады", - деді Sputnik Қазақстанға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақпарат бөлімінің басшысы Марат Бектазин.

Сайттан өңірлер бойынша статистиканы көруге болады. Қазақстан бойынша құрбандық малына барлығы 406 тапсырыс берілген.

Ал мұқтаж отбасылардан 10 933 өтінім түсіп отыр.

Нұр-Сұлтан

Қазіргі таңда құрбандық шалушылардан 117 қой мен 27 ірі қараға тапсырыс берілді.

Мұқтаж азаматтардан 2 566 өтінім түсті.

Алматы

Қой – 33, ешкі – 5, тоқты – 16, ірі қара – 1.

Өтініш жіберген мұқтаждар саны – 1305.

Шымкент

Қой – 2, ешкі – 2, тоқты – 1.

Мұқтаждардан 2 429 өтінім берілді.

Өскемен

Қой – 4.

Құрбандық етіне мұқтаж отбасылардан – 2 429 өтініш.

Семей

Қой – 4, ешкі – 3, тоқты – 3, ірі қара – 1.

Мұқтаждардан – 177 өтінім.

Талдықорған

Қой – 2, тоқты – 2, ірі қара – 1.

Мұқтаждардан – 50 өтінім.

Павлодар

Ешкі – 3, тоқты – 5, ірі қара – 1.

Мұқтаждардан – 78 өтінім.

Ақмола облысы

Қой – 2, тоқты – 7.

Мұқтаждардан – 83 өтінім.

Ақтөбе облысы

Қой – 11, тоқты – 13.

Мұқтаждардан – 352 өтінім.

Алматы облысы

Тапсырыс берілген құрбандық малы – 0.

Мұқтаж жандардан 420 өтінім түсті.

Атырау облысы

Қой – 26, ешкі – 2, тоқты – 19.

Мұқтаждардан – 316 өтінім.

Жамбыл облысы

Қой – 3, ешкі – 1, тоқты – 8.

Мұқтаждардан – 657 өтінім.

Батыс Қазақстан облысы

Қой – 8, тоқты – 1, ірі қара – 1.

Мұқтаждардан – 46 өтінім.

Қарағанды облысы

Қой – 5, ешкі – 5, тоқты – 8.

Мұқтаждардан – 100 өтінім.

Қостанай облысы

Қой – 3, ірі қара – 2.

Мұқтаждардан – 250 өтінім.

Қызылорда облысы

Қой – 6, тоқты – 2, ірі қара – 2.

Мұқтаждардан – 1402 өтінім.

Маңғыстау облысы

Қой – 11, ешкі – 6, тоқты – 6.

Мұқтаждардан – 269 өтінім.

Солтүстік Қазақстан облысы

Қой – 2, тоқты – 7.

Мұқтаждардан – 83 өтінім.

Түркістан облысы

Қой – 4, тоқты – 2.

Мұқтаждардан – 316 өтінім.