Құс фабрикаларын субсидиялау артады

0
707

Қағидалар 2022 жылдың 30 маусымда ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Құс фабрикаларын субсидиялау артады

ERNUR.KZ. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп жазады baq.kz.

Қағидалар 2022 жылдың 30 маусымда ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осылайша, отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады.

Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді.

2021 жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 млрд теңге бағытталды.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құстардың саны 3,7% - 47,1 млн басқа дейін өсті.

Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 млн дананы құрады.

Ішкі нарықтың тағамдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.