Құс тұмауы: Ақтауда 30 аққу неден өлгені белгілі болды

0
1 069

Ақтауда Қаракөл маңында 30 сыбырлақ аққу өлі табылған болатын.


Құс тұмауы: Ақтауда 30 аққу неден өлгені белгілі болды

Фото: Lada.kz

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының экология департаменті өкілдері таяуда табылған 30 аққу неден өлгенін айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, судың іріктелген сынамаларында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткені анықталмады.


Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары өз кезегінде тест өткізді. Нәтижелер оң болды және құс тұмауы вирусы болғаны расталды.


Еске салайық, 27 желтоқсанда Ақтауда Қаракөл маңында 30 сыбырлақ аққу өлі табылған болатын.

Қарақия-Қаракөл табиғи қорығының инспекторлары көлдің жағасында 21 желтоқсанда күзет жұмыстарын жүргізу барысында отыз бас аққу өлі жатқанын анықтаған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына баяндалды.

Құстардың неден өлгенін анықтау мақсатында сынамалар алынған еді.