Құс тұмауынан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы алады

0
663

Бүгінгі күні елімізде бұл індеттен барлығы 593 мың бас құс қырылды.


Құс тұмауынан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы алады

ERNUR.KZ. Құс тұмауынан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы алады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта еліміз бойынша тек екі ғана құс фабрикасында құс тұмауы анықталды. Сондай-ақ, жеке шаруа қожалықтарындағы тіркелген жағдайлардың көрсеткіші азайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

«Солтүстік, Шығыс, Жамбыл, Қостанай облыстарында жағдай біршама тұрақтады. Өңірлердердегі әкімдіктердің жанынан құрылған жұмыс топтары аталған дерттің салдарынан қырылған құстардың санын есептеуге кірісті. Қазіргі уақытта қожалық иелеріне өтемақы төлеу үшін қаражат көзі толығымен дайын. Аймақтардағы жұмыс топтарының шешімі келген бетте, өтемақылар рет-ретімен таратылатын болады» - деді Сапархан Омаров.

Сонымен қатар, бүгінгі күні елімізде бұл індеттен барлығы 593 мың бас құс қырылды. Оның ішінде жеке шаруаларда өлген құстардың саны 24,8 мың, ал құс фабрикаларындағы шығын 308,5 мың бас құсты құрап отыр.