Құтқарушыларға үй жалдап тұруы үшін өтемақы төленуі мүмкін

0
543


Құтқарушыларға үй жалдап тұруы үшін өтемақы төленуі мүмкін

ERNUR.KZ. Елімізде үй жалдап тұратын құтқарушыларға мемлекеттен өтемақы төленуі мүмкін, деп жазады baq.kz.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Үкіметке құтқарушылардың әлеуметтік жағдайы мәселесін көтеріп, сауал жолдаған болатын.

Бектеновтің ресми жауабында көрсетілгендей, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің әлеуметтік қамсыздандыруды және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы тағайындауға қатысты азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру мәселесі қаралды.

Жалпы қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта тиісті түзетулер әзірленді, олар белгіленген тәртіппен келісу рәсімінен өтеді, - деді Премьер-министр.

Сонымен қатар коммуналды төлемдерге берілетін ақы көлеміне қатысты жауап берді.

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар өтемақысының мөлшері арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері үшін бірыңғай және тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда көзделген. ТЖМ коммуналдық қызметтері үшін өтемақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту мәселесі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп белгіленген тәртіппен қаралады, - делінген Премьер-министрдің жауабында.