Қылмысты фото немесе видеоға түсірген қазақстандықтарға ақшалай сыйақы беру жоспарланып отыр

0
1 118

Министр Қазақстан азаматтарының 78 пайызында, яғни 14,2 миллион адамда ұялы телефоны бар екенін айтып өтті.


Қылмысты фото немесе видеоға түсірген қазақстандықтарға ақшалай сыйақы беру жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Құқықбұзушылықтарды фото немесе видеоға түсірген қазақстандықтарға ақшалай сыйақы беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Сенатта өткен үкімет сағатында айтты, деп жазады Tengrinews.

ІІМ өкілдері азаматтардың қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайлары жайлы хабарлауы үшін және олармен кері байланыс орнату арнайы ұялы қосымша дайындауды жоспарлап отыр.

"Біз Канада, АҚШ, Аустралия, Ирландия елдерінің тәжірибелерін зерттедік. Онда кез келген адам құқықбұзушылықты суретке немесе видеоға түсіріп, полицияға жолдайды. Ол дерек расталады, құқықбұзушы жазаланады. Ал суретті жіберген адамға кішігірім ақша беріледі", - деп ұсынды Қасымов.

Министр Қазақстан азаматтарының 78 пайызында, яғни 14,2 миллион адамда ұялы телефоны бар екенін айтып өтті.

"Ол суретке түсіріп, жолдай алады. Қазір біз Мемлекеттік-жекешелік әріптестік құқығы аясында осы бағдарламаны дайындап жатырмыз - салынған айыппұлдың 50 пайызын мемлекетке аударамыз, 40 пайызын сол жағдай жайлы хабарлаған адамға береміз. Ал қалған 10 пайызы осы бағдарламаны әзірлейтін фирмаға аударылады", - деді министр.