Қазақстан Тәуелсіздік алған кезден бастап өлім жазасының күшін кезең-кезеңмен жою бағытына сүйеніп келеді.
ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп жазады Zakon.kz.
Қазақстан Тәуелсіздік алған кезден бастап өлім жазасының күшін кезең-кезеңмен жою бағытына сүйеніп келеді. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов айтты.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстанда өлім жазасы қандай да бір ескертусіз жойылуға тиіс екенін мәлімдеді. Осыған байланысты Комитет қылмыстық заңнамадағы өлім жазасын алып тастау туралы тиісті түзетулер дайындады. Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, сондай-ақ өлім жазасы туралы ережелерді қамтитын екі заңға түзетулер қолдау тапты.Арман Қожахметов.
Бұған қоса, өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге ратификацияланған Екінші Факультативтік хаттаманың редакциясы нақтыланды.