Қырғызстан Қазақстанмен көмір импортын көбейтуге келісті

0
713

Мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын күндері Қырғызстанға 247 вагон көмір жеткізіледі.


Қырғызстан Қазақстанмен көмір импортын көбейтуге келісті

ERNUR.KZ. Қырғызстан Қазақстаннан көмір тасымалдауды көбейтетін болады. Бұл жөнінде Қырғызстанның монополияны реттеу агенттігі хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын күндері Қырғызстанға 247 вагон көмір жеткізіледі. Билік көмірді халыққа тоннасын 4 мың 600 сомнан артық сатпауға уәде беріп отыр.

Қазақстандық көмір Бішкекте, Шу облысының Шопокове, Қайынды, Токмак және Қант қалаларында сатылатын болады.

Қырғызстанда суық түскелі бері көмір тапшылығы байқалып жатыр. Оның үстіне былтырғы жылмен салыстырғанда көмір бағасы 20% қымбаттаған.

16 қарашада ел президенті Садыр Жапаров тоннасы 3 мың сомнан аспайтын көмір сататын орындар ашуды тапсырған. Бірақ бұл ұзын-сонар кезек туғызып, әрбір сатып алушыға екі тоннадан артық көмір бермейтін болды.