Қырғызстанда қазақстандық олигарх Жұманбаевты қылмыстық қудалау тоқтады

0
297

Владимир Жұманбаев «заңдағы ұры» аталған Қ.Асанбектің ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырған деп айыпталған.


Қырғызстанда қазақстандық олигарх Жұманбаевты қылмыстық қудалау тоқтады

ERNUR.KZ. Қырғызстанда қазақстандық олигарх Жұманбаевты қылмыстық қудалау тоқтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қырғызстан ҰҚКК баспасөз қызметі қазақстандық кәсіпкерден барлық айып алынғанын, қылмыстық іс тоқтағанын хабарлады.

«ҰҚКК Владимир Жұманбаев кеше (19 маусым) Қырғызстанға оралып, жедел-тергеу іс-шараларына қатысты. Нәтижесінде олигарх Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі мен қаржыландыруына қатысы жоқ екені белгілі болды», деп хабарлады Қырғызстан ҰҚКК баспасөз қызметі

Естеріңізге салайық, Владимир Жұманбаев «заңдағы ұры» аталған Қ.Асанбектің ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырған деп айыпталып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланды.